Алматылықтарға тауға шықпауға кеңес берілді
Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы маңындағы тауларға саяхаттау жоспарын бірнеше күнге кейінге қалдыра тұруға кеңес береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің деректеріне сәйкес, қатты жауын-шашын болжамына байланысты 13-14 қазан аралығында Алматы қаласы маңындағы таулы аудандарда көлбеу ағындардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі ықтимал.
«Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуі негізінде туристерге, Алматы қаласының тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты алдағы күндері тауға шықпауға кеңес береміз,– делінген Алматы қалалық ТЖД хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда Шәкәрімнің 165 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті
Өзгелердің жаңалығы