Алматылықтарға маңызды ескерту жасалды

Алматыда бүгін, 21 мамырда сейсмикалық жаттығу өтеді. Жаттығу кезінде және одан тыс уақытта өзін қалай ұстау керектігі жайлы ескертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Өйткені, мегаполис - сейсмикалық аймақта. Әрбір азаматтың ТЖ кезіндегі және одан кейінгі іс-қимылдарға жеке дайындығы маңызды, - делінген хабарламада.

Не дайындау керек

  • Жер сілкінісі кезінде отбасылық іс-қимыл жоспарын жасаңыз
  • Дүмпуден кейін отбасыңыздың жиналу орнын анықтаңыз.
  • Пәтерден қауіпсіз жасырынатын орын таңдаңыз. Бұл көтергіш қабырғалар. Техжоспарды, техқұжатты көріңіз.
  • Ғимараттан эвакуациялау жолын алдын ала анықтаңыз және ауыр заттарды алып тастаңыз.
  • Көпқабатты үйде тұратын әрбір алматылық білуге тиіс 10 қарапайым ережені сақтаңыз.

10 қауіпсіздік ережесі

  • Сабыр сақтаңыз.
  • Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз.
  • Жиһаздан, терезеден аулақ тұрыңыз.
  • Көтергіш қабырғалардың бұрышынан жасырынатын орын табыңыз.
  • Дүмпу басылған соң ғимараттан шығыңыз.
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз.
  • Алдын ала дайындалған "дабыл шабаданын" алыңыз.
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ тұрыңыз.
  • Қайталама дүмпуге дайын болыңыз.
  • Мұқтаж жандарға көмектесіңіз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: t.me/almaty_akimat
Өзгелердің жаңалығы