Алматылықтардың орташа айлық жалақысы 16,4%-ға өсті

Маусым айында жылдық инфляция 8,4%-ға дейін баяулады, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жылдық инфляцияның одан әрі 7-7,5%-ға дейін баяулайды деп болжанып отыр. 

Биыл бірінші тоқсанда номиналды ақшалай кіріс орта есеппен әрбір алматылыққа 22,9% өсіп, 287 мың теңгеге жетті. Нақты мәнде өсім 11,9%.

Орташа айлық жалақы 454 мың теңге болып, номиналды мәнде жалақы 16,4% , нақты мәнде 6% өсті. 

32,7 мың жұмыс орны құрылды , оның 75%-ы тұрақты. Осылайша, жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы