Алматылықтарды 2 млн теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын деп алматылықтарды 2 млн теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Екі және одан да көп адамға қатысты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлау – 27 жастағы Ц.есімді азаматтың іс-әрекеті дәл осылай квалификацияланған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алаяқтық бойынша 2 дерек тіркелді. Олар бір өндіріске біріктірілген. Күдікті интернет-ресурс арқылы адамдарды алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасуға және жұмыс визасын алуға көмектесу туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Ақшаны алғаннан кейін ер адам жасырынып қалған. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес қылмыс жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ц.есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов. 

Тергеу қажеттігін ескере отырып, полиция Ц.есімді азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға жүгінеді және оларды мына телефондар арқылы хабарласуларын сұрайды: +7-778-879-78-88; + 7-702-401-11-10.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы