Алматылықтар мерекелік марафонда жарысты

Алматылықтар 60 шақырым жүгірді. Тәуелсіздік күні мен Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафонға жас та, үлкен де келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатта сөз алғандар Тәуелсіздіктің қадірін айтып, Дінмұхамед Ахметұлының рухына тағзым етті. Одан соң марафоншылар Қонаев қаласын бетке алды. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Қыстың көзі қырауда 60 шақырымға жүгіру оңай емес дейді желаяқтар. Әйтсе де, олардың алды 3 жарым сағатта қалаға аяқ іліктірді. Марафонның соңында жұрт Алматы облысының орталығындағы Қонаев ескерткішіне гүл қойды.  

Бұл марафонның мақсаты жастарды спортқа баулу салауатты өмір салтын ұстану, және де  жастардың патриоттық рухын арттыру мақсатымен жүзеге асырылып жатқан іс-шара, - деді марафоншы Қайрат Айдарбекұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы