Алматылықтар бизнесті дамытуға 2 млрд теңгеге жеңілдікпен несие алды

"Алматы" ӘКК" АҚ еншілес ұйымы - "Almaty" МҚҰ" ЖШС жарты жыл ішінде Алматының шағын және микро бизнес субъектілеріне 1,9 млрд теңге сомасына 60 жеңілдікті несие берді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Almaty Business-2025" бағдарламасы аясында бизнестің жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген өкілдері істі дамыту үшін жылдық 2%, 6% (кепілді) немесе 12% (кепілсіз) жеңілдікті мөлшерлеме бойынша несиеге ие болды. Ақша жабдықты, шикізатты сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға, бизнестің басқа да қажеттіліктерін жабуға бөлінеді.

МҚҰ-дағы қарыздың шекті сомасы 73 840 000 теңгені құрайды, мерзімі 7 жылға дейін. Биылғы жылы ең көп қарызды өндіріс және қайта өңдеу жобалары бар кәсіпкерлер алды – 32%, екінші орында – халыққа қызмет көрсету жобалары (13%), үшінші орында – денсаулық сақтау (12%). Одан әрі әлеуметтік және білім беру бастамаларын қолдау бар (әрқайсысы 10%). Сондай-ақ креативті экономика, сауда, туризм және спорт жобалары қаржыландырумен қамтамасыз етілді.

"Алматы" МҚҰ" ЖШС 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. "Almaty Business-2025" бағдарламасы аясында МҚҰ 2 200-ден астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, 540-тан астам шағын және микро бизнесті қаржыландырды. Қазіргі уақытта жеңілдікті қаржыландырудың жалпы сомасы 12 млрд теңгеге жақындап келеді», - деп атап өтті ұйымның басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы