Алматылықтар бірлік күнін ерекше атап өтті

Алматыда Абай алаңында қайырымдылық жәрмеңкесі мен гастро-фестиваль ұйымдатырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев су тасқынынанзардап өңірлерге гуманитарлық көмекті жинауға көмектескен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Іс-шарада 10-нан астам танымал мейрамхана қазақ, түрік, өзбек, корей, неміс, қытай, грузин, орыс, армян, ұйғыр ұлттарының ұлттық тағамдарын ұсынды.

Қазақстан — біздің Отанымыз, ортақ үйіміз. Осы құтты шаңырақта бүгінгі күні 130-дан астам ұлттың өкілдері тату-тәтті, бірлікте, ынтымақта тіршілік етіп жатыр. Біздің бір отбасының балалары сияқты тату-тәтті өмір сүруімізге жағдай жасаған қазақ халқына алғысымыз зор, -дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының белсендісі Қалыбекова Жамилия.

Түскен қаражат су тасқыны салдарын жою мақсатына «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорына аударылады. Осылайша, әрбір қатысушы табиғи апатқа ұшыраған азаматтарға көмектесе алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы