Алматылықтар балаларды қорғау күнін тойлап жатыр
Мегаполисте Орталық мәдениет және демалыс саябағында меркелік іс-шаралар өттіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Концертке Қазақстанның эстрада жұлдыздары, сондай-ақ балалар вокалды және би командалары қатысты.
Балалар біздің басты қонағымыз. Біз үшін маңыздысы - олардың көңіл-күйінің көтеріңкі болуы. Балаларға жылдың әр күнінде қорған болуымыз керек. Бүгін 3 баламды саябаққа алып келдім. Бүгінгі мереке демалыс күніне тұспа-тұс келгенен, адамдар өте көп болды. Дегенмен барлығымыз әсем әнді естіп, көңіл көтеріп қайттық, - дейді Айдана есімді ана.
Концерт "Сармат" ансамблінің хореографиялық нөмірінің сүйемелдеуімен "Бозторғай" хорының орындауында “Болашақ” балалар әнұранымен басталды. Содан кейін танымал артистер мен жас таланттардың дуэт болып өнер көрсетті.
Атақты күйші, Қазақстанның халық артисі Айгүл Үлкенбаева жас Ықыласпен бірге Құрманғазының әйгілі "Адай" шертті. Ол талантты жастармен әрқашан өнер көрсетуге дайын екенін айтты.
Жас ұрпақтың қазақ халық өнеріне деген қызығушылығына ризамын. Бұл біздің музыканың болашағы бар екенін көрсетеді", - деді Айгүл Үлкенбаева.
Скрипкашы Алуа Мақанованың "Мәрмәр" жетіген ансамблімен бірігіп орындағы "Қарлығаш" классикалық туындысы әсерлі шықты. Ал кішкентайынан танылған Ержан Максим "Арманыңнан қалма" әнімен көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Бақытты балалық шақ туралы әнімен Айгүл Үлкенбаева, Жігер Ауыпбаев, Алмас Кішкенбаев, Элизат Берікова, АРТ Сlassic тобы, Шаба Оразхан және Сәкен Майғазиев жастарға қолдау көрсетті. Әйгілі "Қазақ қыздары" әнін КешYOU тобы жас трио Алсу Ұлыхановамен, Айрис Құлбаева және София Балғазинамен бірігіп айтты.
"Біз бақытты баламыз" әнін концертке қатысушылар бірігіп орындап, артынша бағдарлама балалардың шығармашылық ұжымының өнерімен жалғасты.