Алматылықтар әкімге әуежай аумағына автобус кірмейтініне шағымданды

Әуежай аумағында құрылыс жұмыстары жүргізілгендіктен қоғамдық көліктің әуежайға кіруі уақытша шектелген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, автобус жолаушыларды әуе айлағының сыртында қалдырып кетеді, бұл әсіресе ауыр жүкпен жүргендерге қиындық тудырады.

Қала әкімі Ерболат Досаев әуежай автотұрағындағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл сұрақ шешілетінін айтты.

Әуежайдағы барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін №92 автобус қайтадан әуежай аумағына кіріп, жолаушыларды түсіріп, мінгізу мүмкіндігіне ие болады, – деді қала әкімі.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телибаевтың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Алматы әуежайы аумағында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын. Осыған байланысты қоғамдық көліктің әуежайға кіруі уақытша шектелгенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы