Алматылықтар 21 жасқа толмаған жастарға ішімдік сатып алып беруге дайын ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 сәуір, 2019 ж, Алматы, - Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерімен айналысатын «Аман-саулық» қоғамдық қоры Алматы қаласында 5 сәуірде әлеуметтік эксперимент жүргізді. Эксперименттің мақсаты – алматылықтар жастардың алкогольді сатып алу туралы өтінішін қалай қабылдайтындықтарын білу болды. Бұл туралы қоғамдық қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматылықтар алкогольді сатып алуға көмектесу үшін жолдаушылардан сұраған студенттің өтінішін қаншалықты қабылдайтынын білу мақсатында әлеуметтік эксперимент жүргізді.21 жасқа толмаған жас жігіт, дүкен маңында жүрген жүргіншілерден өзіне алкогольді сатып алып беруге көмек сұрады. Адамдардың барлығы дерлік бірауыздан алкогольді сатып алуға көмектесуге келісетіндерін жеткізген. Тек бірнеше адам ғана азаматтық белсенділік танытып, бұл ұсыныстан түбегейлі бас тартқан.
Бүгінгі таңда Қазақстан Орталық Азияда 15 жастан асқан адамдардың ішінде ішімдіктен бірінші орында. Адам басына шаққанда 15 жастан бастап бір адамға алкоголь өнімдерін тұтыну жылына шамамен 9 литрді құрайды. Оның 65%-ы күшті алкогольді сусындар.
Мәселен, 2019 жылдың басында «Аман-саулық» қоғамдық қоры Алматылық студенттер арасында сауалнама жүргізген болатын. Соның нәтижелері бойынша студенттердің 38%-ы алғаш рет алкогольді 16 жасында, 37%-ы 16-дан 18-ге дейін, 20%-ы 18-ден 21-ге дейін, тек 5%-ы ғана 21 жастан асқан соң ішімдікті пайдаланғандарын жеткізді. Алкогольді сусындардың жастар арасында оңай қол жетімділігі - оның танымал болуының негізгі себебі саналады.
«Аман-саулық» ҚҚ басшысының айтуынша, тәжірибенің міндеті қарапайым алматылықтардың жас жігіттің өтінішін қаншалықты қабылдайтынын және Қазақстанның ең ірі мегаполисінде 21 жасқа дейінгі алкогольді сату туралы заңнамалық шектеулердің қалай жұмыс істейтінін анықтау болды.
«Тәжірибе көрсеткендей, біздің отандастарымыздың азаматтық позициясы жеткіліксіз. Заңды тыйым салу мен шектеулерді тиімді жүзеге асыру әр азаматтың жеке жауапкершілігін арттыру және оның өзін өзгерту және оны айналасындағы әлемді өзгерту болып табылады», - деді ол.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алкоголизм созылмалы, прогрессивті және өлімге әкелетін ауруға айналғанын мойындады. Сондықтан, бұл дерттен емдеу спирттің кез-келген дозасын толығымен тастауды білдіреді. Ғалымдар адам денсаулығына алкогольдің аз мөлшерін де пайдалану қауіпті екенін жоққа шығармайды. Ішімдікті 20%-ға дейін тұрақты пайдалану кез-келген жастағы ерте өлімнің ықтималдығын арттырады, бұл ретте пайдалану мөлшерін бақылау мүмкін емес.
«Аман-саулық» қоғамдық қорының қызметі тәуекел факторларды басқаруға жүйелі түрде бағытталған. Қор ұйымдастырған акция Алматы тұрғындары мен қонақтарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Әлеуметтік эксперименттің бейнеролигі https://youtu.be/guR3-gc8lcg
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғалымдар бірегей экологиялық жобаны қолға алды
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы