Алматылық жігіт ChatGPT көмегімен сотта жеңіске жетті

23 жастағы алматылық Кенжебек Исмаилов жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдың күшін жоюға ChatGPT көмегімен қол жеткізді. Бұл туралы ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылдың желтоқсанында Исмаилов жол ережесін бұзғаны үшін 5800 теңге көлемінде (жеңілдікпен) айыппұл алып, оны төлеген. Алайда, бейнебақылау жазбаларын талдағаннан кейін ол өзіне салынған айыппұлдың дұрыстығына күмән келтірді.

Полицияға берген шағымы қанағаттандырылмағандықтан,  ол сотқа жүгінген. Шағымданушы талап арыз бен басқа да құжаттарды дайындау үшін ChatGPT көмегіне жүгінген.

Нәтижесінде сот Исмаиловтың пайдасына шешім шығарып, айыппұлды жойды.

Енді соттағы жеңісінен кейін Кенжебек азаматтық сотқа жүгінуді жоспарлап отыр. Дегенмен, ол бұл күресінің басты мақсаты ақша емес, өз құқықтарын қорғау екенін айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы