Алматылық жастар орталығы Қырғызстан өкілдерінің қызығушылығын тудырды
Бүгін, 27 қарашада, Алматыда Қырғыз Республикасының делегациясы, Әуезов ауданының комьюнити-орталығын аралады. Қонақтарды Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Искаков қарсы алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Комьюнити-орталық – жастарға арналған қолдаудың барлық түрі шоғырланған заманауи қоғамдық кеңістік. Мұнда жас алматылықтар мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес ала алады, кәсіби бағдардан өтіп, заңдық және психологиялық көмекке жүгініп, қысқа мерзімді курстар арқылы өзекті мамандықтарды меңгеріп, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие.
Орталықта қазақ тілі курстары, білім беру және мәдени шаралар өткізіледі, би залы, дыбыс жазу студиясы және TikTok-аймақтар жұмыс істейді. NEET-жастарға ерекше көңіл бөлінеді – олардың қоғамдағы өз орнын табуына және энергиясын дұрыс арнаға бағыттауына көмектеседі.
Еліміздің жастар саясатының басты мақсаты – әрбір жас азаматтың әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау, ал осындай комьюнити-орталықтар әлеуметтік қолдау мен дамудың негізгі құралдарының бірі. Бұл жастардың өз-өздерін дұрыс бағытта табуына қодғабыс жасайды, – деді “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева.
Орталықта қазақ тілі курстары, білім беру және мәдени шаралар өткізіледі, би залы, дыбыс жазу студиясы және TikTok-аймақтар жұмыс істейді. NEET-жастарға ерекше көңіл бөлінеді – олардың қоғамдағы өз орнын табуына және энергиясын дұрыс арнаға бағыттауына көмектеседі.
Алматыда жастардың дамуына, қолдау алуына және өздерін қажет сезінуіне жағдай жасайтын заманауи әрі қолайлы кеңістіктер қалыптасып жатқанын көріп отырмыз. Мұндай тәжірибе өте құнды және оны Қырғызстанда енгізу тұрғысынан қызығушылық тудырады, – Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төраға орынбасары Эдиль Байсалов.