Алматылық зейнеткерлерге қандай көмек көрсетіліп келеді

Қарттар күні қарсаңында мегаполисте бірқатар іс-шара жоспарланған, олар бір ай көлемінде өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Егде жастағы алматылықтарға қандай қолдау көрсетілетіні жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов баяндап берді.

Алматының Ардагерлер кеңесі әлеуметтік қолдау жасап, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қарт адамдарға көмек көрсетеді. Айта кету керек, ардагерлер ұйымы қаланың қоғамдық бірлестіктерінің ішінде адам саны жөнінен көп боп саналатындардың бірі - оның құрамында 253 мыңнан астам адам бар.

90-шы жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде қарттар күнін өткізу туралы қарар қабылдады. Біздің қалада мәслихат қазан айы бойы қарт адамдар айлығын өткізу шешімі қабылдады. Бұл шешімді қоғам өкілдері де болып отыр. Әдетте, осы уақытта, яғни қазан айының басында қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшелері қала басшылығымен кездеседі, онда олар біздің қаламыздың ардагерлер ұйымдары мен ардагерлер қоғамының өміріндегі көптеген проблемалық мәселелер бойынша кеңеседі, - деп бөлісті Бижанов.

Ардагерлер ұйымының басшысы атап өткендей, қарт адамдарға арналған айлық барынша кең ауқымды болмақ - қалада тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді. Әр ауданда көпшіліктің қатысуымен мәдени-демалыс іс-шаралары ұйымдастырылады. Әсіресе ардагерлер үшін түрлі сыйлықтар жасалып, қайырымдылық түскі астар ұйымдастырылады. Бұл күндері қарт адамдар мұражайларға, театрларға, экскурсияларға және т. б. бара алады.

Сонымен қатар, медициналық мекемелерде ашық есік күндері өткізіледі, қарт алматылықтар терапевт, геронтолог, невропатолог, хирург және басқа да мамандардың қабылдауынан өте алады. Өздігінен бара алмайтын қарттарға медициналық қызметкерлердің кешенді бригадалары үйлеріне барады.

Әрине, бұл бір күндік, бір айлық қана жұмыс емес деп айтар едім, бұл жұмыс мақсатты түрде, әкімдіктің басшылығымен жыл бойы жүргізіліп келеді. Бұл жұмыс қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп атқарған қаланың ардагерлер ұйымдарының негізгі жұмысы болып табылады, - деп атап өтті Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Сондай-ақ, ол қала ардагерлері мен зейнеткерлеріне практикалық көмек көрсетілетінін атап өтті. Қаржылық қолдаудың әртүрлі түрлерін (13 түрі) көрсетуге тек қала бюджетінен қаражат бөлінеді. Ыстық және суық су есептегіштерін орнату және ауыстыру, газ жабдықтарын жүргізу және орнату шығындары өтеледі. Сонымен қатар, санаторийлердегі жолдамалардың құны және тағы басқалар өтеледі. Өткен жылы ғана 1 млрд теңгеден астам сомаға 14 мыңға жуық зейнеткерге біржолғы көмек көрсетілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы