Алматылық зейнеткерлер скандинавиялық жүрістен жарысты

Алматыда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» Түрксіб ауданы ардагерлерінің арасында скандинавиялық жүгірістен жарыс өтіп, көнцерттік бағдарлама ұсынылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріне көрсетілген ықыласпен пен қошеметке риза болған қарттар мен ақ жаулықты аналар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. 

Бүгінгі күні «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» біз секілді жасы келген адамдардың қамқоршысына айналған. Зейнетке шықаннан кейін денсаулығым сыр бере бастады. Қант диабетіне шалдықтым. Содан не керек, орталық ашылған уақыттан бастап осында келдім. Бастапқыда 5-10 адам болатын, қазір қатарымыздың саны артты. Үлкені 90-ға келсе, ең жасы – 60-тан асқандар. Барлығымызға айналысатын дүние жетерлік. Біріміз спортпен шұғылдансақ, енді бірі қолөнерлікпен айналысады. Бүгін, міне, жарысқа 50-ден аса адам қатысып жатыр. Ауданымыздың белсенді қарттарына айналдық. Шүкір, бүгінде ешкімнің көмегіне сүйенбей-ақ, баратын жағыма өзім-ақ жетіп аламын. Зейнетке дейін мұғалім болдым, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндік, - дейді зейнеткер Гүлмира Жылқыбайқызы. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты – егде жастағы түрғындардың денсаулығын нығайту, белсенді әлеуметтік өмірге тарту және жас ұрпаққа үлгі көрсету. 

«Белсенді ұзақ өмір орталығы» – еліміздегі ең алғашқы пилоттық жоба. Ауданымызда қарттарға арналған барлық жағдай жасалып жатыр. Қазан айының әр күнінде түрлі концерттік бағдарламалар ұсынылып жатыр. Зейнеткерлеріміз өте белсенді. Өзара жарыс ұйымдастырып, қатысып жатыр. Ардагерлерден құралған әжелер ансамблінің өнерін де тамашалап, мәз-мейрам болып жатырмыз. Саябақтарымызда қарттарға арналған спорттық қосымша шаралар өтеді. Бұл да бір салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың қатары артып келе жатқанының дәлелі, – дейді Түркісіб ауданының әкімінің орынбасары Ермек Әміров. 

Еске сала кетейік, Орталықта зейнеткерлердің бос уақытын көңілді өткізуге арналған курстар: айкуне, йога, скандинавиялық жүріс, би, хор, компьютерлік сауаттылық, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ тілі, ағылшын тілі, қолөнер шеберлігі, т.б. жұмыс істейді. Орталыққа күніне, шамамен, 200-дей адам келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы