Алматылық волонтерлер 430 тонна гуманитарлық көмек жинап, өңірлерге жіберді
Алматы қаласының волонтерлік фронт-офисінің негізінде гуманитарлық көмек жинау пункті жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қала тұрғындары, кәсіпкерлері, волонтерлері белсенділік танытуда.
Бүгінде 200 астам волонтер, 100 аса курсант, сондай-ақ 30 жуық ірі волонтерлік ұйымның күші жұмылдырылған. Осы күнге дейін 430 тонна гуманитарлық көмек жиналып, өңірлерге жіберілді. Гуманитарлық көмек жинау бойынша жұмыс жалғасуда. Барлық зардап шеккен өңірлермен байланыстамыз, қажеттіліктер бойынша ақпаратты жаңартып отырамыз. Бұған дейір қаланың еріктілері Орал қаласы, Атырау облысына барып көмектесіп қайтты. Еліміздің ірі әуе компаниялары, кәсіпкерлер жиналған көмекті өңірлерге тасымалдау, жеткізу бойынша қолдау көрсетуде, - деді Алматы қаласындағы волонтерлар фронт-офисінің басшысы Бағдат Анарбаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы