Алматылық вандал Денис Теннің ескерткішін бүлдірген

Алматыда Денис Теннің ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Вандал ескерткішті бүлдіріп кеткенімен қоймай, өзінің аты-жөнін жазып, телефон нөмірін де ойып жазған.

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Полицейлердің айтуынша, ескерткішті ойрандаған адам психоневрологиялық есепте тұрады.

Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Ұсталған адам психикалық денсаулық орталығына орналастырылды, - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы