Алматылық ұстаздар Финляндияда тағылымдамадан өте алады

Алматы мұғалімдері 5 млн теңге ұтып, Финляндияға тағылымдамаға бара алады: Almaty Ustazy байқауына қатысу үшін тіркеу ашық, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байқаудың бірінші кезеңіне https://almatyustazy-2023.kz платформасында тіркелу басталды, ол 2023 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады.

Байқаудың бас жүлдесі – 5 млн теңге, сонымен қатар бес финалист Финляндияның Хельсинки қаласында білім беру тағылымдамасына бара алады. Тағылымдама барысында мұғалімдер оқытудың жаңа әдістерін игереді, практикалық тәжірибе алмасады және озық мектептердің жұмысымен танысады.

Байқауға Алматы қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарының негізгі пәндерінің 1-11- сыныптарының 36 жасқа дейінгі мұғалімдері қатыса алады.

Конкурс барысында мұғалімдер өз тәжірибелеріне негізделген ойларымен және педагогикалық тұжырымдарымен бөліседі, сондай-ақ жеке сабақтарын өткізіп, жетістіктерін көрсетеді. Байқау үш кезеңде өтеді.

• Біріншісі – «Менің білім беру философиям» тақырыбында мультимедиялық мақала әзірлеу.
• Екінші кезең – «Мұғалім - кәсіби маман» байқау сабағын өткізу.
• Үшінші кезең – «Мен – мұғалім-көшбасшымын» тақырыбында авторлық шеберлік сабақтарын өткізу (өзінің педагогикалық тәжірибесі және кәсіби шеберлігімен таныстыру).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген педагогтер бекітілген форма бойынша қатысуға өтінім беруі тиіс (Конкурсқа қатысушы туралы жалпы мәліметтер, лауазымы, біліктілігі, өтілі, жұмыс орнынан анықтама). Тіркелгеннен кейін мұғалімдер өз материалдарын (мультимедиялық мақаланы) 2023 жылдың 14 сәуіріне дейін жүктеуі керек. 2023 жылғы 17-26 сәуір аралығында сараптама комиссиясы келіп түскен материалдарды қарайды.

Былтырға жылы белсенді қатысушылар бастауыш сынып мұғалімдері болды. Қазір біздің мұғалімдер балаларды қызықтыру үшін инновацияларды пайдаланады және олардың мазмұнын жасайды. Байқау қаланың мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерінің деңгейін арттыратынын атап өтемін. Алматы озық білім беру технологияларының орталығы болуға ұмтылады. Байқау қазіргі білім беру жүйесіндегі оқыту әдістеріне деген көзқарасты өзінің жеке үлгісімен өзгертетін заманауи және құзыретті педагогтер қауымдастығын құрады. Алматы қаласының жас мұғалімдері үшін байқауға қатысу - бұл өзінің кәсіби өсуінің, цифрлық дәуір жағдайында жұмыстың жаңа тәсілдерін зерделеудің жаңа қадамы болып табылады, – деп атап өтті Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Тіркеуге, мультимедиялық мақаланы жүктеуге қатысты нақтылы сұрақтар бойынша қатысушылар арасында хабар алмасу үшін Telegram – арнаны пайдалануға болады (https//t.me/аlmaty_ustazy_support).

Байқау 2023 жылдың қазан айында аяқталады. Айта кетерлігі, Almaty Ustazy байқауы осымен екінші жыл қатарынан өтуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kazbilim.kz
Өзгелердің жаңалығы