Алматылық тұрғынның жүрегі сәтті трансплантацияланды

Алматы облысында қаза тапқан ер адам 6 адамның өмірін сақтап қалған еді. Оның жүрегі 43 жастағы алматылық тұрғынға сәтті салынды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да 6 сағатқа созылған күрделі операцияны University Medical Center-мен бірлесіп, белгілі кардиохирург Юрий Пян жасаған.

Жүрек доноры 45 жастағы Алматы облысының тұрғыны болған. Дәрігерлер ми өлімін анықтағаннан кейін, туыстары қайтыс болған азаматтың органдарын алуға келісімін берген.

Біздің науқасқа 43 жаста 20 қаңтарда жүрек трансплантациясы жасалды. Науқастың жағдайы тұрақты, жан сақтау бөлімнен кардиохирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Науқастың жағдайы бір қалыпты. Ота 6 сағат жасалды. Біз біріншіден Денсаулық сақтау министрлігіне, екіншіден Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына, үшіншіден донордың туыстарына ерекше алғыс білдіргіміз келеді. Қазақстанда жүрек трансплантациясын күту парағында 140 ересек адам тұр. Осындай операцияларды жасау керек. Елімізде кардиохирургия мен кардиореанимацияның даму деңгейі жүректі трансплантациялау операцияларында оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Юрий Владимирович бастаған UMC командасына көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғысымыз шексіз. Органдарды трансплантациялау бойынша операциялар медицина қызметкерлерінің жоғары біліктілігін талап етеді, - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, науқасты іріктеу критерийлері бар: реципиент қан тобына, дене салмағының индексіне, бойына қарай таңдалады. Донордың салмағы реципиенттің салмағынан 30%-дан аспауы тиіс. Жүрек доноры 60 жастан аспауы керек, өйткені мұндай жүректің кардиопатия мен жүрек жарақаты жоқ, қалыпты ЭКГ және ЭХОКГ бар қалпына келтіру үшін жеткілікті резерві бар.

Жүректі трансплантациялау - күрделі операциялардың бірі, алайда біздің алған тәжірибеміз, дағдыларымыз, клиникамыздың техникалық жарақтандырылуы оларды жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Ота сәтті жасалды. Жаңа жүректің ұзақ жұмысына, науқастың өмір-салты өзгеру керек. Оған қосымша өз тарапымыздан дәрілер береміз. Жыл сайын дәрілердің қатары азаяды. Бірақ науқас өмір бойы дәрі ішеді. Сонда науқас ұзақ өмір сүреді, ­- деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.

Науқас 5 жыл бойы энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынуы дәрі-дәрмек терапиясын қабылдамайтын жүрек қызметі жеткіліксіздігінің соңғы сатысына әкелген. Науқасты аздаған физикалық жүктемеде ауа жетіспеуі, 50 метр жүру кезінде ентігу, қалыпты жағдайда, жатқан кезде ентігудің жоғарылауы, тез шаршау және жалпы әлсіздік мазалаған. Жағдайының нашарлауы 2023 жылдың желтоқсанынан бастап байқала бастаған.

Мен жүрек ауыруымен 1,5 жыл бойы ауырдым. Мені осы халге түсірген энергетик сусындар. Жұмыс көп істеймін деп энергетик сусындарды ішетін едім. Жастарға айтарым, қара су ішсеңде энергетик ішпеңдер. Бала-шағаны асыраймын деп, күніне 4-5 бөтелке энергетик ішкен едім. Бала-шағаны энергетик сусынсыз да асырауға болады. Оданда денсаулықтарын күтіп отбасының жанында болған жақсы. Қазір жағдайым жақсы, ­ - деді науқас Дәурен Атамбеков.

Елімізде 2025 жылғы 10 қаңтарда жүрек трансплантациясын күту парағында 140 ересек адам және 5 бала тұр. Айта кету керек, 45 жастағы донордан екі бүйрек, өкпе, сонымен қатар көз қабығы алынды. Бүйрек Жетісу облысының тұрғыны 17 жастағы науқасқа А. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында салынды. Ал екінші бүйрек астаналық 18 жастағы пациентке University Medical Center-де трансплантацияланды, өкпе – "UMC-те қостанайлық 43 жастағы пациентке, көз қабығы кератопластикасы – екі реципиентке трансплантацияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мәдениет – ел айнасы
Өзгелердің жаңалығы