Алматылық тұрғынның үйі келісімсіз сатылып кеткен
Алматы тұрғыны өзі тұратын Сайын көшесі 8 мекенжайындағы тұрғын үйдің 2008 жылы заңсыз сатылып кеткенін айтып, шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімінің Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды.
Біз тұрып жатқан үй 2008 жылдан бері өзімізге тиесілі емес екен. Үй келісімсіз сатылып кеткен. Бұл тұрғын үйде 206 пәтер бар. Бұл - жекешелендірілген жатақхана. Оның астындағы жер сатылып кеткен. Кондоминиум болмады, – дейді қала тұрғыны.
Ерболат Досаев полицияға арыз беруге кеңес берді, ал өзі бұл істі қадағалауға алатынын айтты.
Егер бұл алаяқтық ісі болса, мен бұл істі қадағалауға тапсырма беремін. Сіздер де ПД арыз жазыңыздар. Барлығы заңды әрі дәлеледер болса, бұл іс сот шешімінсіз-ақ шешілуі қажет. Прокуратураға шағымданыңыз, бұл - заңдылықты қадағалайтын орган. Соңғы екі жылдағы тәжірибем көрсеткендей, сот үкімі шыққанша, мұның бәрі дұрыс дегенді білдірмейді, – дейді Ерболат Досаев.