Алматылық тұрғындар аптап ыстықтан жаппай дәрігерлерге жүгініп жатыр
Жаздың алғашқы айында жоғары температураға байланысты медициналық көмекке жүгінгендер көп, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында жедел медициналық жәрдем қызметіне аптап ыстық пен күн өтуіне байланысты 16 шақырту тіркелді. Оның 11-і ересектер және бесеуі балалар,- дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Сондай-ақ алматылық дәрігер ыстық кімдерге қауіп төндіретінін атап өтті.
Жоғары температура денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Әсіресе күннің ең ыстық мезгілінде – күн белсенділігі жоғары болатын таңғы сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін сыртта уақыт өткізетін адамдар ерекше сақ болуы керек. Бұл құрылысшыларға, спортшыларға және ашық ауада дене шынықтырумен айналысатын кез келген адамға қатысты. Сондай-ақ семіздік, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және басқа да созылмалы аурулары бар адамдарда терморегуляция проблемалары және жылу соққысына бейімділік жоғарылауы мүмкін. Терморегуляция мен терлеудің өзгеруіне ұшыраған жүкті әйелдер де тәуекел тобына жатады. Терморегуляция жүйесі әлі жетілмеген кішкентай балалар, әсіресе далада ойнаған кезде әлсіреп, тез қызып кетеді, - дейді №11 қалалық емхананың дәрігері Гүлзарам Исамдинова.