Алматылық соғыс ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Алматы облысы ПД бастығы ішкі істер органдарының құрметті ардагерін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін ҰОС қатысушысы, ішкі істер органдарының құрметті ардагері, қазір Алматы облысының Іле ауданында тұратын отставкадағы милиция полковнигі Тәңірберген Толғанбаевты 100 жылдық мерейтойымен Алматы облысы ПД бастығы құттықтады.
ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атынан мерейтой иесіне құрмет грамотасын табыстап, жылы лебізімізбен, ақжарма тілектерімізді жеткіздік. Аталған іс-шаралар біз үшін, өскелең ұрпақ үшін нағыз батылдық пен ерліктің көрінісі, Отанға деген сүйіспеншіліктің белгісі екенін атап өткім келеді, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Тәңірберген Толғанбаев 1923 жылы 1 мамырда Талдықорған облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. 1942 жылы мамырда Кеңес Армиясының қатарына шақырылған.
1951 жылы Ішкі істер органдарындағы қызметін бастап, 1975 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс атқарған.
Соңғы лауазымы: Алматы облысы Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы.