Алматылық құтқарушылар жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды

Алматылық құтқарушылар Медеу ауданының "Восточки" ауданындағы жанып жатқан үйден 57 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

06.03. сағат 18.58-де Алматы қаласында Медеу ауданында жеке тұрғын үйде жалпы алдын ала алаңы 250 ш. м. көршілес 2 қабатты жеке тұрғын үйдің шатырына оттың ауысуымен өрт болды.

Сағат 19.18-де, 250 шаршы метр алаңда өрт оқшауланды, сағат 20.02-де өрт жойылды. Барлау және сөндіру барысында өрт орнынан 1967 жылы туған ер адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдемге тапсырылды, - деп хабарлады ведомство.

Қабылданған шаралармен көрші үйге өрттің таралуына жол берілмеді. Өрттің себебі анықталуда. Өртке Алматы қаласы ТЖД 20 адам ж/қ және 5 бірлік техника жұмылдырылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы