Алматылық құтқарушылар су басқан Қостанай өңіріне көмекке аттанды

Басқа аймаққа 56 құтқарушы аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты 56 қызметкерден құралған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының жедел тобы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін Ұлттық ұланның авиабортымен ұшып кетті.

Авиабортқа су сору құралдарын, қажетті авариялық-құтқару жабдықтарын, арнайы су өткізбейтін костюмдерді,  байланыс құралдары мен жүзу құралдарын тиеу жұмыстары жүзеге асырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы