Алматылық құтқарушылар балалар үйінің тәрбиеленушілерін жүзуге үйретуде
Алматы, BAQ.KZ. ТЖД мен Оқушылар сарайы арасында жасалған меморандум аясында балаларды жүзуге үйрету жүргізілуде, халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.
Сабақ барысында ТЖД қызметкерлері мен ҚР ТЖМ РЖҚЖ сүңгуірлері қауіпсіздік ережелері туралы нұсқаулықтар өткізеді, негізгі оқытуды 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға «Оқушылар сарайы» МКҚК кәсіби дайындалған жаттықтырушылары жүргізеді.
Жүзуге үйренушілердің жалпы саны 2000 баланы құрайды, оның ішінде 400-і халықтың әлеуметтік осал топтарынан. Оқу үдерісі 3 айға дейін созылады. Оқушылар сарайының басшылығы және Алатау, Әуезов және Жетісу аудандарының 4 жалпы білім беретін мектептері бассейндері бар алаңдарды тегін беруге келісті.
Апта басынан бастап «Жанұя» мамандандырылған балалар үйінің 15 тәрбиеленушісі Алматы қаласының «Оқушылар сарайының» жүзу бассейніне баруда, оларды Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері мен ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары қарсы алды. Балалар су айдындарындағы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы білім алды.
Алатау ауданының № 149, №152 мектептерінің, Әуезов ауданының №173 мектеп-лицейінің, Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясының бассейндерінде оқушылары ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлерінен қауіпсіздік сабақтарын алды.
Сабақтарға жүзу қозғалыстарын үйлестіре отырып, дұрыс тыныс алу, аяқ соққылары және дене қалпы кіреді. Қысқа уақыт ішінде олар жүзу негіздерін игерді. Біз бірінші - дұрыс дем алуды және суда болуды үйрену керек деп түсіндірдік. Тек жаттықтырушының немесе ересектердің қадағалауымен жүзуді үйрену қажет, - деп бөлісті Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Сұлтанов Есбол.