12 Желтоқсан 2023 2023, 18:03
Фото: - архив
Алматылық оқушылар онлайн оқуға көшеді
Бұл туралы Алматы қаласының білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Алматы қаласының білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазгидромет ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес биылғы жылдың 13-14 желтоқсанында ауа райы күрт суиды (13 желтоқсанда түнде қатты аяз 23-25 градус, ал 14 желтоқсанда түнде қатты аяз 25-27 градус). Осыған орай биылғы жылдың 13-14 желтоқсанында 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді, – дейді Алматы қаласының білім басқармасы.
Айта кетейік, бұған дейін астаналық оқушылар мен студенттердің сабақтары да онлайн өтетіні хабарланған еді.