Алматылық өнертапқыш қоқыс жинайтын дрон жасады

Алматыда TECH CUP ALMATY 2023 чемпионаты өтіп жатыр. Атаулы шараға 2 мыңнан астам жас өнертапқыш қатысуда, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматылық өнертапқыш таудағы қоқысты жинап, 30 келіге дейін салмақта көтеріп ұшатын дрон жасады. Аталған жұмысты жас дарын айналасы 2 айдың ішінде жасаған. 

Алматы тауларына барсаңыз, шашылып жатқан қоқысты жиі көзіңіз шалған шығар. Мәселен, былтыр Көк жайлауда жарты тонна қоқыс шығарылды. Бір жылдары Медеу ауданының әкімдігі үлкен жүк көліктеріне тауда жүрудің қиын екендігі айтылған болатын. Сол кезде маған «Неліктен қоқыс жәшіктеріндегі қоқысты дрон арқылы алып түспеске?» деген ой келді. Себебі аз-аздан күнделікті жинап отырса, табиғатымыз таза болар еді. Осылайша біз қоқыс салатын сөмке әзірледік. Туристер осыған қоқыс салады, толған сәтте дрондар ұшып келіп алып кетер еді. Дрон 30 келіге дейін қоқысты көтере алады. Оған Greinbox деген атау беріп те қойдық. Әлемде зат тасымалдайтын дрон бар. Бірақ қоқыс жинайтын дрон әлі жасалмады. Бұл дронды жасауды тамыз айында ойластырдым, қыркүйек айында жасап шығардым, – дейді Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Байсат Темірлан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы