Алматылық неонатологтар халықаралық оқудан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында «Неонаталды қарқынды терапиядағы өзекті мәселелер» тақырыбы бойынша 5 күндік халықаралық кластағы симуляциялық тренинг аяқталды.
Іс-шараға қаладағы барлық перзентханалардың, перинаталдық орталықтардың, акушерлік және гинекология ғылыми орталығының балалар реаниматологтары мен анестезиологтары, неонатологтары, сондай-ақ балалар ауруханаларының қызметкерлері қатысты.
Тренинг аясында көптеген мәселелер талқыланды. Мысалға алсақ: өкпенің инвазиялық желдетілуі негіздері, тыныс алу механикасы, газ алмасудың патофизиологиясы, респираторлық қамтамасыз ету әдістері мен режимдерінің жіктелімі, adaptive, set-point таргеттеу әдісімен басқарылатын қысыммен өкпені желдету, инвазивті емес респираторлық қолдауды қамтамасыз ету және мониторинг, неонатологиядағы әртүрлі патологиялар кезіндегі инвазивті респираторлық қолдаудың ерекшеліктері және өзге де мәселелер.
Бас дәрігердің неонатология бойынша орынбасары Елена Плужникова атап өткендей, бұл оқыту өте тиімді, өйткені теория практикамен ұштасты.
Барлық 5 күн бойы бір жағынан жаңа туылған, әсіресе экстремалды дене салмағындағы нәрестелердегі өкпенің жасанды желдетілуі саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық зерттеулердің материалдарын пайдалана отырып, теория жүргізілді. Бұл тақырып бойынша өте кең, көлемді материал ұсынылды, екінші жағынан, практикалық тренингтер күн сайын өткізілді, яғни аппаратура нақты жұмыс режимінде шынымен қолданылды, оның аясында тәжірибедегі әртүрлі режимдерді тексеруге болады. Бұл бізге әсіресе жаңа туған нәрестелерге арналған неонатология саласында қолданылатын заманауи техникада, заманауи ӨЖЖ аппараттардың мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді,-деді дәрігер.
Сонымен қатар ол техника жылдам жетіліп жатқанын, сол себепті заман ағымына ілесе білу керегін айтты.
Жоғары кластағы аппаратура келген кезде, негізгі режимдер мен баптаулардан басқа, пациентті оған арналған жеке режимде жүргізуге болады. Яғни, біз заманауи техникамыздың мүмкіндіктерін кеңірек және тереңірек пайдалана аламыз, жеке пациенттердегі әртүрлі патологиялық жағдайларды ескере отырып, параметрлерді реттей аламыз. Кейіннен бұл, әрине, нәрестелерге күтім жасау сапасына әсер етеді, тіпті нәрестелердің өкпені жасанды желдету аппаратындағы күндерін айтарлықтай азайтады. Ал бұл өте маңызды, бала аппаратта қаншалықты аз жатса, соғұрлым тезірек бейімделіп, өздігінен тыныс алуға ауыса алады, бұл болашақта оның денсаулығына әлдеқайда жақсы болжам жасауға ықпал етеді, - деп атап өтті дәрігер.