Алматылық мектеп түлегі АҚШ-тың 6 университетінен шақырту алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы республикалық физика-математика мектебін тәмамап, IT саласын жетік меңгерген 16 жастағы Нұржан Әбдірәсілов өз таңдауын жасаған.

Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлайды.

Математика мен IT саласына ынталы Нұржан жетім балаларға арналған авторлық бағдарламалау тілін әзірлеген.

Енді жас түлек мұхит асып, білім алмақ. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап Нұржан Әбдірәсілов оқуға деген ынтасымен, көшбасшылық қасиетімен көзге түскен. Математика мен IT саласының тылсымына бойлаған Нұржан қазақстандық жетім балаларға арналған авторлық бағдарламалау тілін әзірлеген. Осындай алғыр балаға АҚШ-тың бірнеше жоғарғы оқу орнынан шақырту түскен.

Соның ішінде мен US BERKLY деген университетті таңдадым. Ол Калифорнияда орналасқан. Бұл университет көпдәрежелі университет. Әлемдік рейтингте 4-орында тұр. Computer science, яғни бағдарламалау саласында орналасқан, - деді мектеп түлегі Нұржан Әбдірәсілов. 

Математика мен IT саласынан әртүрлі олимпиадаға қатысқан зерек бала спортты да серік еткен.

Адамның сергек жүруіне, ойлау қабілетіне спорттың тигізер ықпалы көп. Сондықтан тек Нұржан емес, барлық баламды спортқа бердім, – дейді әкесі Ғазиз.

Спорт деген баланы өзін-өзі қолда ұcтап, өзіне мақсат қоюына ықпал етеді, әрдайым  өзінен-өзі асып түсу үшін жұмыс істеуге үйретіп, мінезді дамытады. Өзіне-өзі деген ұстанымы арта түседі. Ол өмірде тек спортта емес, басқа салаларда қатты көмектеседі. Сондай мақсатпен оны спортқа бердік. Енді жүзуге де барды. Негізі, бокспен айналысады, - деді Нұржанның әкесі Ғазиз Әбдірәсілов.

Қазір Нұржан шетелге шығуға дайындық үстінде. АҚШ-та оқуын тәмамдаған соң сол жерде біраз тәжірибе жинап, Қазақстанға келіп қызмет етемін деп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Фото: 24.kz
Өзгелердің жаңалығы