Алматылық дәрігерлер жүректің ауыр дертіне шалдыққан бүлдіршінді аман алып қалды

Республикалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалар кардиохирургиясында бес жастағы балаға ең күрделі ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау ведомствосының мәліметінше, туа біткен жүрек кемістігі бар бес жасар пациентке Фонтен операциясы сәтті өтті.

Нәресте жүректің жалғыз қарыншасы, негізгі тамырлардың транспозициясы, өкпе артериясының атрезиясы диагнозымен дүниеге келген.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай кемістік қалыпты екі қарыншалық қан айналымын қалыптастыру мүмкін емес күрделі туа біткен ауытқулар тобына жатады.

Мұндай жағдайларда емдеу бір қарыншалық қан ағымын құруға бағытталған кезеңдік хирургиялық араласуды қамтиды.

Диагноз туғаннан бастап қойылған. Қызылорда облыстық балалар ауруханасында зерттеп-қараудан кейін бала санавиация желісі бойынша ПБХҒО-ға жеткізілді, онда эхокардиография мен жүректің компьютерлік томографиясын қоса алғанда, кешенді зерттеп-қараудан өтті.

2021 жылдың ақпан айында орталықтың кардиохирургтары түзетудің бірінші кезеңін — Глен бойынша кавапульмоналдық анастомозды орындады.

Шілде айының соңында үшінші, соңғы кезең - параллелді жасанды қан айналымы жағдайында фенестрациясы бар экстракардиалды Фонтен жүргізілді.

Біз үшін бұл тек хирургиялық жеңіс емес. Бұл тағы бір құтқарылған өмір. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы тұрақты: ол өздігінен тыныс алып жатыр, - деп атап өтті кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Алмас Бердібеков.

Операция 6,5 сағатқа созылды. Тәжірибелі мамандар тобының үйлесімді жұмысының арқасында операция сәтті өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы