Алматылық дәрігерлер омыртқаны хирургиялық жолмен емдеудің жаңа әдісін енгізді

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері бел омыртқасының стенозына шалдыққан науқастарды аяғына тұрғызады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Дәрігерлер мұндай операцияларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) есебінен жасайды.

Ең алғашқы ота міндетті медициналық сақтандыру аясында 75 жастағы қарияға жасалды. Ақсақалдың узақ уақыт бойы бел аумағындағы ауру сезіміне  және ауру сезімінің аз физикалық белсенділік кезінде   күшейетініне шағымдары болған . Ақсақалға бел омыртқасының дегенеративті-дистрофиялық өзгерістері және стеноз деген диагноз қойылған. Ал бұрын қабылдаған емі мүлдем көмектеспеді, - дейді №7 қалалық клиникалық ауруханадағы №1 нейрохирургиялық бөлімшенің меңгерушісі Бақыт Ағлақов

Дәрігердің айтуынша, әдетте омыртқаның стенозы бар науқастар ауруханаға өте нашар күйде түседі, тіпті жүру қиынға соғады.

Науқас  100-200 метрден артық жүре алмады, содан кейін аяғының ұюы мен ауыруы күшейіп, аяғының әлсіздігі мен әрі қарай қозғала алмауына ұласты. Аяқтарындағы ұйып  кетуді жою үшін оған белгілі бір уақыт отыру керек болды. Бұл ауру оны соңғы 5 жылда қинады, - дейді нейрохирург.

Сондықтан дәрігерлер сары байламды микрохирургиялық жолмен алып тастау үшін бірінші аз инвазивті операция жасауды ұйғарды.

Микроскоптың астында диаметрі 12 мм болатын түтік арқылы қажетті тілік жасалады. Ал кесудің өзі 1,5 см-ден аспайды. Бұл әдістің артықшылықтарының бірі. Түтікшелі тәсілдер арқылы аз инвазивті операциялар бел омыртқасының стенозын емдеуде қолданылатын тиімді әдіс болып табылады, - дейді дәрігер.

Жаңа технологияның артықшылықтарына мыналар жатады:

  • фасеттік буындар мен арқа бұлшықеттерін сақтай отырып, жүйке құрылымдарын дәлме- дәл алып тастау мүмкіндігі. Бұл пациенттерге бел омыртқасындағы болашақ тұрақсыздықты болдырмауға көмектеседі;
  • жедел хирургиялық операцияға қол жеткізу, өйткені ол байламдарды аз кесуді қажет етеді;
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: №7 қалалық клиникалық аурухана
Өзгелердің жаңалығы