Алматылық дәрігерлер 30 жыл аурудың азабын тартқан науқасқа сәтті ота жасады

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында сәтті ота жасалды, нәтижесінде 52 жастағы науқас сынған сүйектің теріс бітіп кетуі салдарынан туындаған аурудан арылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

1994 жылы науқас аяғын сындырып алған, содан бері жарақаты осқынып, жүріп-тұруы қиындаған.

Ер адам жылдары бойы мазалаған ауруын емдету үшін Орталық қалалық клиникалық ауруханаға көмекке жүгінген. Травматология бөлімі науқасқа 1,5 сағатқа созылған ота жасады.

Хирургиялық ота кезінде сүйек ашылып, сына тәрізді остеотомия және интермодулярлық бұғаттайтын білігі бар остеосинтез жасалды. Ота сәтті өтті, - дейді травматолог Нұржан Нұралы.

Жоғары білікті дәрігерлер тобының арқасында ота сәтті өтіп, оң нәтиже берді.

Қазір бәрі жақсы, бәрі орнына келді. Құдай қаласа, мен 1-2 айдан кейін жүгіріп кетемін деп ойлаймын. Осы аурухананың травматологиялық бөлімшесінің барлық дәрігерлеріне, әсіресе, ота жасаған дәрігер Нұржан Нұралыға үлкен алғыс білдіремін. Мен олардың жұмысына өте ризамын. Жұмысына табыс, отбасына денсаулық тілеймін, биіктен көріне берсін, - дейді науқас.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық қалалық клиникалық аурухана
Өзгелердің жаңалығы