Алматылық бойжеткен алғашқы кездесуінде қаза болды
Қайғылы оқиға былтыр 16 қазанда болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Криминальный Казахстан" телеграм арнасы мәліметінше, Айнагүл Кенчебаева кафеде жігітпен кездескен. Бастапқыда олардың әңгімелері жарасқан. Дегенмен біраз уақыт өткен соң араздасып қалған.
Кафеде демалып отырған өзге адамдар жігіттің Айнагүлді далаға қалай алып шыққанын көрген. Бірақ ешкім араша түспеген. Қазір далада шын мәнінде не болғанын ешкім білмейді. Алайда бойжеткен 20 минут бұрын шақырған полицейлер оны өлі денесін тапқан, - делінген хабарламада.
Кейіннен ер адам Айнагүлді арыққа итеріп жіберген деген ақпарат тарады. Салдарынан бойжеткен өте ауыр бас жарақатын алған көрінеді.
Қаскөй ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы "Абайсызда адам өлтіру" бойынша сотталды. Ол тек 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда 1 маусымнан бастап жол жөндеу жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы