Алматылық азамат Ла-Манш бұғазын 14 сағат ішінде жүзіп өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында заңгер болып жұмыс істейтін Ержан Есімханов есімді азамат Ла-Манш бұғазын жүзіп өтіп, Франция жағалауына Қазақстан туын көкке көтерген. Бұл жаңалықпен ол өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
Ол бұғазды жүзіп өтуге 14 сағат 21 минут жұмсаған, жалпы жүзіп өткен қашықтығы - 34 шақырымды құрайды.
«Бүгін Ла-Манш бұғазын Англиядан Францияға дейін жүзіп өтіп, Франция жағалауында Қазақстан туын көкке көтердім», - делінген Ержан Есімхановтың Instagram-дағы парақшасында.
Ержан Есімхановтың сөзінше, ол Ла-Манш бұғазын жалғыз жүзіп өткен алғашқы Қазақстан өкілі. Басым бөлігін түнде жүзіп өткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде аналарға домбыра сыйлайды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы