Алматылық әуелі әйелін атып тастап, артынша өзіне қол жұмсаған
Алматыда ер адам әйелін тапаншамен өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 31 қаңтар күні кешке Наурызбай ауданында, Құрамыс шағын ауданында болған.
Алдын ала болжам бойынша, отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам өз әйелін тапаншамен өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Адам өлтіру пактісі - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның айтуынша сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Антикор кәсіпкерлерді қорғайтын жобаны іске қосты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы