Алматылық алыпсатардан тағы бір партия дәрі тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жолы сатып алып қайта сатушы Алматы қаласының Түрксіб ауданында ұсталды.
Алыпсатарды Алматы қалалық ПД криминалдық полиция қызметкерлері құрықтады.
Д есімді азаматшадан "Гроприносиннің" 100 пакеті, балаларға арналған "Анаферонның" 105 пакеті, ересектерге арналған 62 пакет "Анаферон", сондай-ақ ол қымбат бағамен сатуды жоспарлаған 7 "Ингавирин" пакеті тәркіленді. Ұсталған әйелден мәміледен түскен, шамамен 1 миллион теңге алынды. Жоғарыда көрсетілген дәрі-дәрмектер тәркіленді. Ұсталған азаматшаның іс-әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріліп, жауапкершілік анықталады, - делінген Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақан Сатаев жаңа қызметке тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы