Алматылық адвокаттар 15 мың адамға тегін көмек көрсетті

Алматыда мың жарымға жуық борышкер балаларына алимент төлемеген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді. 

2023 жылы Алматы қалалық алқасының адвокаттары 15 544 азаматқа мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетті. Алматы қаласында 24 мемлекеттік және 288 жеке сот орындаушысы жұмыс істейді. Олар жыл басынан бері 731 051 атқарушылық іс жүргізді. Ішкі істер органдарына борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 133 ұсыныс жолданды, оның ішінде 9-ы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелді. Біреуі сотқа жіберілді, біреуіне қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкім шығарылды. Сондай-ақ 1328 борышкерлерге қарыздарына байланысты республикадан шығуға уақытша тыйым салынды, – дейді Балайым Кесебаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы