Алматылықтар жазғы спартакиадада бірінші болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиадасы өтті, деп хабарлады Алматы әкімдігінің сайты.

Спартакиаданың бағдарламасына спорттың 40 түрі бойынша жарыстар енді. Атап айтқанда, үстел теннисі, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, муайтай, киокушинкай-кан каратэ, садақ ату, семсерлесу, регби, спорттық гимнастика, гандбол, спорттық құзға өрмелеу, самбо, бадминтон, бокс, желкен спорты, каратэ-до, ат спорты, баскетбол, көркем гимнастика, батуттық гимнастика, стенд ату, жеңіл атлетика, су добы, жүзу, байдарка есу және т.б. каноэ, дзюдо, президенттік көпсайыс, оқпен ату, волейбол, велосипед спорты, триатлон, таэквондо, жағажай волейболы, шөптегі хоккей, академиялық есу, ауыр атлетика, теннис.

Жарысқа еліміздің 17 облысы мен қалаларынан 7 мыңнан астам спортшы қатысты. Бұл жарыстар төрт жылда бір рет өтеді. Жалпы командалық есепте Алматы қаласының командасы 1 орынды, екінші орынды - Шымкент қаласы, үшінші орынды - Алматы облысы иеленді. Алматы қаласының спортшылары спорттың көптеген түрлерінде сәтті өнер көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы