Алматылықтар бір-бірін COVID-19 вакцинасын алуға шақырды
Алматы, BAQ.KZ Алматыда коронавирус инфекциясынан халықты вакциналау жүріп жатыр. Бұл процеске «Алматы электрощит зауыты» ЖШС, «Хюндай Транс» ЖШС, «КСМ Техновид» ЖШС, «Масло-дел» ЖШС, ЖЭО-2 сияқты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар да белсене қатысуда. Зауыттар мен қаланың өмірлік маңызы бар ұйымдарының қызметкерлері Алматының емханалары мен сауда, ойын-сауық орталықтары базасындағы егу пункттерінде екпе салдыра бастады.
Бұл кәсіпорындардың барлығы Алатау ауданының аумағында орналасқан. Аудандық әкімдікте атап өткендей, қызметкерлерді вакциналау қала тұрғындарының өз қалауларына қарай жүргізілді. Жұмысшылар, инженерлер, шеберлер коронавирусты вакцина салдыруды өз еркімен шешті, өйткені олардың жұмысы қызметін тоқтатуға болмайтын маңызды салалармен байланысты.
Зауыт жұмысшысы Гохарбанум Матюкова вакцинадан кейін өзін жақсы сезінетінін айтты.
Мен ешқандай жанама әсерлерді байқамадым. Мен барлығына вакцина алуға кеңес беремін, өйткені біз тұрақты шектеу шараларынсыз қалыпты өмірге көшуіміз керек. Мен және менің әріптестерім вакцинация арқылы алынған ұжымдық иммунитет бізге ауырмауға көмектеседі, бірақ вакцинадан бас тарту және кейбір қала тұрғындарының инфекцияны жұқтырып, жазылу әдісі ағзаға теріс әсер етуі мүмкін деген пікірге келдік, - дейді Г. Матюкова.Оның әріптесі Мадина Әсерханова 12 сәуір күні вакцина алған. Бірінші компонентті СОО-ның егу пунктінде салдырған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы