Алматылық тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге негізсіз айып таққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге негізсіз айып таққан. Яғни үш меншік иесіне санитарлық талаптарды орындамады деген әкімшілік хаттама дұрыс толтырылмаған. Бұл жөнінде қалалық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған онлайн жиында айтылды, деп хабарлайды 24.kz.
6 қараша күні Түрксіб ауданында құрылған мониторингтік топ киім сататын дүкендегі санитарлық нормалардың сақталуын, адамдардың бетперде тағуын тексерген. Сол кезде дүкенге келушінің бірінде бетперде болмаған. Бірақ айыппұл әлгі адамға емес дүкен иесіне салынған. Істің мән-жайын анықтау барысында хаттаманың негізсіз толтырылғаны анықталды.Бізге құқыққорғаушылардың әрекетіне қатысты кәсіпкерлер жиі шағымданады. Мысалы, тамыз айында өз міндетін дұрысы атқармаған екі инспектор жауапкершілікке тартылды. Осындай жағдайларды болдырмау үшін қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне түсіндіру шараларын өткізуді сұрадық. Бірақ мониторингтік топтардың жұмысы қайта жанданғандықтан кәсіпкерлердің құқықтары да бұзылып жатқаны өкінішті. Сондықтан біз қалалық прокуратурадан мониторингтік топтардың жұмысына сараптама жасауды сұраймыз, - қалалық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Салтанат Лесбаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аймақта су басу қаупі бар 15 учаске жөнделуде
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы