Алматылық «Сфера» онлайн платформасында 4 мың сабақ өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Білім басқармасы алқасының онлайн-отырысы барысында жұмыс қорытындысы мен қалалық білім беру жүйесін одан ары дамыту жоспарлары қаралды.  

Карантин режимін енгізумен мектеп ұйымдарында оқу қашықтан оқыту режиміне ауыстырылды. Осыған байланысты, 1 қыркүйектен бастап білім беру жүйесіне оқушыларды қашықтан оқыту үшін алматылық «Сфера» онлайн платформасы енгізілді. Бұл платформаның жұмысы туралы Алматы қаласының білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Андрей Дупик айтып берді.

«Сфера» платформасы отандық болып табылады және ол Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен әзірленген. Бұл платформа оқушыларды қашықтан оқытуға арналған алаң болып табылады, онда сабақтар бейнеконференция форматында өтеді. Сонымен қатар, платформа оқушыларға үй тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді,  интерактивті тақта арқылы онлайн-режимде жазуға, сурет салуға және болады, - дейді Андрей Дупик.

Білім беру онлайн-платформасы платформада оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды біріктіре отырып, қашықтықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Платформаның негізгі бағыты бөтен адамдар сабаққа қосылмауы және эфирлерді үзбеуі үшін қауіпсіздікке бағытталған. Бұл платформа 1 қыркүйектен бастап іске қосылды. Ағымдағы жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша бөгде адамдарды қосу себебінен сабақты тоқтатудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

Күнделікті «Сфера» платформасында интерактивті формада 4 мың сабақ өткізіледі. Сонымен бірге, қашықтан оқытуға қажетті функционал бар. Бұл сабақ кестесін құру және қарау, үй тапсырмасын дайындау, қосымша қажетті ақпаратты бекіту, сонымен бірге қатысушыларды шақыру.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы