Алматылық полицейлер ломбард тонаушыларын қолға түсірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық полиция қызметкерлері ломбард тонаушыларын қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кешке жақын көшеде жұмыс бабымен жүрген полиция инспекторлары жақын маңдағы ломбардтан әйелдің айқайлаған даусын естіген. Сол сәтте ғимараттың ішінен қолдарына қару ұстаған екі азамат шыққан. Екеуі де полицейлерге қарсылық көрсетіп, ұсталды.Олардың Жамбыл облысының тұрғындары екені анықталды. Қазір қамауда. Тергеу жүріп жатыр.
Сол уақытта өтіп бара жатқанда екі рет пистолеттің атылған даусын естідім. Сосын жүгіріп, мына жаққа қарай шыққан кезде баспалдаққа есікті итеріп, ана адамдарды шығармай қояйын деп ойладым. Ойладым, ішіндегі адамдарды тағы атып тастайды, басқаларға зияны тиеді ме дедім. Сосын аштық есікті. Ашқан кезде баспалдақтың алдынан ұстап алдық қашып бара жатқан жерінен. Біреуінің қолында тапанша болды. Біреуінің қолында пышақ болды, - Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторы Қанатбек Парманов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы