Алматылық хирургтар 101 жастағы кейуанаға ота жасап, аман алып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Евдокия Чумакова грыжасын емдегеннен кейін ауруханадан аман-есен шығарылды. Бір ғасырлық ғұмыры бар кеуана Алматыдағы №4 қалалық ауруханасында ем алды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Евдокия Александровна екі жыл бойы ауырған. Соңғы уақытта жағдайы мүшкіл болған кейуана 2 наурыз күні Жедел медициналық жәрдем қызметінің көлігімен №4 қалалық ауруханасына жеткізіледі.
Науқас 1920 жылы дүниеге келген. Іш құрылысының ауыратынына шағымданған. Дәрігерлер тексеру кезінде кіндік грыжасының түйілуі белгілі болды. Науқастың денсаулығы ауыр болды. Хирургия көмегінсіз сырқаттың жағдайы түзелмес еді. Дәрігерлер жедел шешім қабылдап, ота жасады. Ота 30 минутқа созылып, сәтті аяқталды. 101 жастағы Евдокия Александровна отаға шыдай алды, – дейді №4 қалалық аурухана хирургы Марлен Дайрабаев.
Евдокия Александровнаның сауығып кетуі үшін операциялық бригада тік тұрып еңбек етті. Өйткені, дәрігерлер үшін ота үстелінде бір ғасырлық ғұмыры, тарихы бар науқасты ажалжан аман алып қалу – үлкен жауапкершілік. Асқынған сырқатынан құлан-таза айыққан Евдокия Александровна аман-есен отбасына оралды.
14 наурызда кейуана 101 жасқа толады. Ауруханадан оны жақын адамдар қарсы алады, Евдокия Александровна Астана және Алматы Епархиясы Ақжар поселкесіндегі жергілікті «Приход храм Пресвятой Богородицы» провославтық діни бірлестігі жанындағы қарттарға арналған үйде тұрады.
Біз №4 қалалық ауруханасының дәрігерілеріне өте ризамыз, себебі қартқа екінші рет өмір сүруге мүмкіндік берді. Евдокия Александровна үйде жатып қайтыс болып кетуі мүмкін деп, дереу , жедел жәрдем қызметін шақырдық, жасы туралы тіптен, әңгімеде болған жоқ. Әжей Қырғызстанның тумасы, екі жыл бұрын осы пансионатқа келген болатын. Оның есте сақтау қабілеті өте жоғары, 100-ден астам әндерді, өлеңдер жатқа айтады. Пансионатта 20 қарт бар, барлығына бірдей барынша мейірім мен сүйіспеншілікпен қараймыз. Дәрігерлерге шын жүректен алғысымызды айтамыз. Өйткені, медицина мамандарының арқасында Евдокия Александровна 101 жасын атап өтеді – деп шіркеу өкілі Ольга Бражникова өз ойын жеткізді.