Алматылық әйел жедел жәрдем көлігінде босанды
Алматы, BAQ.KZ. Наурызда жедел жәрдем көлігінде сәби дүниеге келді.
Таңғы 4:33 шамасында жедел жәрдем көмегіне жүгінген әйелде босанудың белсенді кезеңі басталып кеткен. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Пациентті жедел түрде Перинаталдық орталыққа жеткізу керек болған. Дегенмен айы-күні жетіп, толғағы басталған ана перзентханаға жетпей, фельдшерлердің көмегімен жедел жәрдем көлігінде босаныпты. Тексергеннен кейін әйелдің жүктілігі 40 апта екені анықталды. Оны дереу перзентханаға жеткізбек болдық. Бірақ пациентті көлік ішінде босандыруға тура келді. Көмекшім Еңлік анаға психологиялық қолдау көрсетті. Ал мен оны босандырып, баланың кіндігін кестім. Сөйтіп, ана мен баланы аман-есен перзентханаға жеткіздік, - дейді Жедел жәрдем қызметі №10 қосалқы стансасының фельдшері Адылжан Мақсұтов.
Жедел жәрдем қызметінің мамандары өз міндеттерін зор жауапкершілікпен атқарғанының арқасында дүниеге салмағы 3300 гр, бойы 54 см қыз бала келді.
Көлікте дүниеге келген сәби отбасындағы бесінші бала. Екі жылдық тәжірибемізде мұндай оқиға бірінші рет болды. Әрине, басында қалай болады екен деп алаңдадық. Бірақ бар біліміміз пен тәжірибеміздің арқасында ананы да, баланы да аман-есен жеткіздік, - деді фельдшер Еңлік Болатбекқызы.
Жедел жәрдем қызметі үйде босану жағдайларына жиі тап болатынын атап өту керек.
Аптасына бір ана фельдшердің көмегімен сәбиін дүниеге дін аман әкеледі. Алайда жедел жәрдем қызметін тығырыққа тіремей, жүкті әйелдердің уақтылы аурухана қызметіне жүгінгені абзал. Жедел жәрдем қызметіндегі барлық маман білікті. Кез келген жағдайда жедел медициналық көмек көрсетуге дайын. Десе де, тұрғындардың өз денсаулығына салғырт қарамаған жөн. Әсіресе, жүктілік кезінде, - деп атап өтті Жедел жәрдем қызметі директорының міндетін атқарушы Пархат Надыров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ахуал өте күрделі – Тоқаев
Өзгелердің жаңалығы