Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 66,5 млрд теңгеден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық сақтандыру қорына 337,9 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.
Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 29-мамырына дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 66,5 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 58,8 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары, қалған 7,7 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынцша еңбек ететіндерге тиесілі, - деді филиал директоры Тлеухан Әбілдаев.Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер санының да артқаны байқалады. Сәуір айында БЖТ төлеген азаматтар саны 1,8 млн болса, мамыр айында бұл көрсеткіш 2,2 млн адамға жетті. Ал, Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 170 мыңға жуық адам 230 млн теңге көлемінде БЖТ төлеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Баку - Құрық паромы арқылы 161 адам қайтарылды
Өзгелердің жаңалығы