Алматылықтар Абай туралы фильмдерді ашық аспан астында көре алады
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін ұлы ақын және ағартушының мерейтойын тойлау аясында Абай Құнанбаевтың өмірі жайлы әртүрлі жылдары түсірілген фильмдер кеші өтеді. Бұл туралы "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Кинокөрсетілімнің мақсаты - ақынның өмір тарихына және дүниетанымы мен шығармашылық жолына әсер еткен оқиғаларға шому. Бұл ой карантиндік шаралар жағдайында кең аудиторияға кинофильмдерді көрсетудің мүмкін болған жалғыз қауіпсіз түрі – автомобильдік кинотеатрдың ашылуының арқасында жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының қолдауымен Абай Құнанбаевтың құрметіне әртүрлі жылдары түсірілген екі өмірбаяндық кинокартинаның ашық көрсетілімін өткізеді:
- "Абай өлеңдері" ("Песни Абая") - Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" шығармасы бойынша 1945 жылы түсірілген режиссерлер Григорий Рошаль және Ефим Аронның картинасы.
- "Абай" - режиссер Ардақ Әмірқұловтың ұлы ақынның 150-жылдығына орай 1995 жылы түсірген қазақстандық-француздық өндірісті көркем фильмі.
Кинотеатрдың жаңа, ал анығын айтқанда көптен ұмыт болған ашық аспан астындағы ескі пішімі өз жұмысын "Атакент" көрме орталығының аумағында бастады. Ол 200 автокөлікке есептелген. Ойды жүзеге асырушылар іс жүзінде байланыссыз қатысуды қамтамасыз етті: билетті тек сайтта ғана сатып алуға болады. Бүкіл киносеанс кезінде көрермендер бір-бірінен едәуір қашықтықта тұрақтаған автокөліктердің ішінде отырады, - делінген хабарламада.
Фильмдердің көрсетілімі 20:30-да және 23:00-де өтеді. Тегін көрсетілімдерге билеттерді "Тикетон" автокинотеатры сайтында брондауға болады.