Алматылық кәсіпкерлер салық амнистиясын ең көп пайдаланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Салықтық рақымшылықты еліміздегі қандай қала мен облыстар барынша көп пайдаланғаны туралы қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтып берді.
Егер аймақтарды қарастыратын болсақ, салықтық рақымшылықты қолданған кәсіпкерлердің ең көп саны келесі аудандар мен қалаларда байқалады: Алматы - 6513 шағын және орта бизнес; Түркістан облысы - 5 196 салық төлеуші; Алматы облысы - 5 054 салық төлеуші; Нұр-Сұлтан - 3729 салық төлеуші, - деп мәлімдеді Шолпанқұлов бүгінгі баспасөз мәслихатында.Оның айтуынша, Алматы қаласында кәсіпкерлердің шамамен 1,1 млрд теңгені құрайтын айыппұлдар мен өсімпұлдары есептен шығарылған.
Келесі аймақтар: Ақтөбе облысы - 1 млрд теңге; Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 750 миллион теңге; Қостанай облысында - 413 миллион теңге есептен шығарылды, - деді вице-министр.Бұдан басқа, салықтардың ең көп төленген сомасы да Алматы қаласына тиесілі - 6,5 млрд теңге салықтық берешек төленген. Нұр-Сұлтанда - 1,9 млрд теңге және Алматы облысында - 675 млн теңге.
Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, келесі өңірлердің тұрғындары жоғары белсенділік танытқан. Алматыда - 100 769 адам берешекті өтеген. Түркістан облысында - 74 893 жеке тұлға және Шымкентте - 62 015 адам өтеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Иран АҚШ-тың келіссөз туралы ұсынысынан бас тартты
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы