Алматыға Қытайдан келетін саяхатшылар саны көбейді
Соңғы бір жылда Алматыға Қытайдан келетін саяхатшылар легі 50%-ке өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
2024 жылы мегаполиске Қытайдан 99 мыңнан астам турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ке көп. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 20 мың турист барған (+39%).
Алматы халықаралық деңгейде танымалдылыққа ие бола бастады. Гонконгте өткен International Travel Expo халықаралық көрмесінде ынтымақтастық жөнінде 30 меморандумға қол қойылды, - деп жазылған хабарламада.
Сарапшылардың айтуынша, 2035 жылға қарай Гонконгтың шетелге шығатын туризм нарығы 2 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл Қазақстан мен Алматыға туристер тартуға зор мүмкіндік.
Қазіргі таңда Алматы мен Гуанчжоу арасын жалғайтын тікелей әуе рейсі іске қосылған. Жақында Шанхайға қатынайтын рейс ашылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада 1 шілдеде балабақша кезегі жаңартылады
Келесі жаңалық
6 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы