Алматыға QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалаға отандық QazVac вакцинасының 6 мың дозасы жеткізілгенін мәлімдеді.
Өткен аптада Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауыттан 50 000 доза көлемінде Қазақстанда өндірілген «QazVac» вакцинасының бірінші партиясы жөнелтілді. Препарат Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына келіп түсті.
Жалпы алғанда Алматыға вакцинаның 1 және 2 компонент бойынша 6000 доза берілді, олар ҚДБ медициналық ұйымдарына бөлініп берілді. Бұл препарат 3000 адамды вакцинациялауға жеткілікті. Қала тұрғындарының қалауы бойынша қазақстандық немесе ресейлік препаратты таңдай алады, - делінген хабарламада.
QazCovid-in вакцинасын Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген.
Отандық вакцинаның артықшылықтарының бірі – сақтау шарттары. Егер Sputnik V вакцинасы тоңазытқышта -18 градус температурада сақталса, ал QazVac вакцинасы 2-8 градус температурада сақталады. Бұл препаратты өндірушіден тұтынушыларға жеткізу логистикасын жеңілдетеді.QAZ-COVID-IN – өлі вирустан жасалған вакцина. Бұл бұлшықет ішіне 0,5 мл/дозасы енгізіледі. Құрамында SARS-CoV-2 тазартылған инактивирленген тұтас вирионды штаммы бар. QazCovid-In "Қазақстан, ковид, инактивацияланған" дегенді білдіреді. Ол химиялық реагентпен "өлтірілген" 2019-ncov вирусына негізделіп жасалынған. Мұндай вакциналарда дене температурасы жоғарыламай, қатерсіз асқынуларға ие. Сондай-ақ Sputnik V кцинасы сияқты екі компонентті және 21 күндік интервалмен салынады, - делінген хабарламада.
Клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңіне 18-65 жас аралығындағы 44 ерікті, екінші кезеңге - 200 адам, үшінші кезеңге - 3 мың адам қатысты. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реестріне өзінің ковидке қарсы вакцинасын тіркеді.