Алматыға "Қайрат" – "Реал" матчын тамашалау үшін 5 мың шетелдік турист келді
Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының тарихи матчы өтті. Орталық стадионда жергілікті "Қайрат" мадридтік "Реалға" қарсы ойнап, қонақтар 0:5 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен кездесу қала үшін спорттық қана емес, имидждік оқиғаға айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Матчты жалпы 23 мыңға жуық жанкүйер тамашалады, оның ішінде 5 мыңнан астамы шетелдік турист болды. Қонақтар негізінен Қытай, Ресей, Испания, Жапония, Ұлыбритания және Чехиядан келген.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері мен Алматы гарнизоны жұмылдырылды. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін метроның жұмысы түнгі 01:00-ге дейін ұзартылып, стадионнан алты бағыт бойынша 60 тегін автобус ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Қайрат" – "Реал" ойыны Алматының қонақжайлығын және жоғары ұйымдастырушылық деңгейін көрсетіп, халықаралық спорттық туризмді дамытуға үлес қосты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда скринингтен өту қанша теңге?
Өзгелердің жаңалығы