Алматыға қанша инвестиция тартылды
Республикалық маңызы бар қала – Алматының даму бағыты қандай, қалаға қанша инвестиция тартылды, мембағдарламалар қалай жүзеге асып жатқандығы туралы білу үшін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына сауал жолдаған едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
- Мегаполистің инвестиция тарту қарқыны қандайлық?
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ұсынған Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар жөніндегі декомпозицияға сәйкес, нысаналы индикатор 2023 жылға 1 848,6 миллиард теңге деңгейінде белгіленді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларының ішінде 363,1 миллиард теңгені, НКИ (нақты көлемінің индексі) 100,4%-ды құрады.
Кезең ішінде негізгі салымдар жылжымайтын мүлік операциялары (192,4 млрд. теңге), көтерме және бөлшек сауда (33,1 млрд. теңге), көлік және қоймалау (39,2 млрд. теңге), қаржы және сақтандыру қызметі (19,6 млрд. теңге) секілді салаларда өтті.
- Сауда-экономикалық ынтымақтастық, отандық өнімнің сапасын арттыру бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №846 қаулысын, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі орынбасарының 2019 жылғы 12 наурыздағы №17-3/05-2150 хаттамалық тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы №336 «Қарапайым заттар экономикасын» дамытудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі 8 сала (жиһаз, жеңіл, тамақ, химия, фармацевтика, целлюлозды-қағаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары) бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына және 100 миллион теңгеден астам сомасындағы ҚҚЖ (құрылыс-құрастыру жұмыстарына) мониторинг жүргізуде
2023 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік бағдарламалар және мемлекеттік органдар бөлінісінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі келесі түрде ұсынылды. 100 миллион теңгеден астам сомасындағы ҚҚЖ шеңберінде бюджеттік бағдарлама әкімгерлері (УКГС, ҚМБ, ЭИДБ, ЖЭБ, ТЖД) 2022 жылдан ауысып келетін жобаларды қоса алғанда, 2023 жылға жоспарлар құрастырады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ЖҚД (жергілікті қамту деңгейі) 100 миллион теңгеден астам сомасындағы ҚҚЖ бағдарламасы бойынша 93,8%-ды құрады.
- Ұлттық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау аясында қандай жұмыстар істеліп жатыр.
- 2023 жылғы қаңтар-наурыз айларының ішінде «Шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімі» 745,9 миллион АҚШ долларын (НКИ – 203,5%) құрады. Өсім келесі салаларда байқалады: тамақ өнімдерінің өндірісі (64,1 млн. АҚШ доллары), химия өнеркәсібі өндірісі (65,5 млн. АҚШ доллары), фармацевтика (2,9 млн. АҚШ доллары) және пластмасс бұйымдарының өндірісі (12,6 млн. АҚШ доллары). Қазақстандық өнімге деген ең үлкен сұраныс Тәжікстан (228,2 млн. АҚШ доллары), Ресей (1 684,2 млн. АҚШ доллары), Қытай (1 255,9 млн. АҚШ доллары), Өзбекстан (1 131,3 млн. АҚШ доллары), Иран (62,2 млн. АҚШ доллары), Польша (132,2 млн. АҚШ доллары), Түркия (64,0 млн. АҚШ доллары) тарапынан байқалады.